В своем недавнем послании народу Президент сказал, что необходима дальнейшая декриминализация экономических преступлений. Президент отметил, что государственные органы допускают в своей работе определенные недочеты и перегибы. Как я помню, в прошлые годы подобные задачи решались за счет повышения суммового порога суммы платежей, не поступивших в бюджет, чем разграничивается административная и уголовная ответственность. Если не считать, что была отменена уголовная ответственность за лжепредпринимательство, так как этот состав дублировал с выпиской фиктивных счетов фактур.
В целом, уголовная ответственность за налоговые преступления в Казахстане представляет собой некую юридическую фикцию. Статья 245 Уголовного кодекса предусматривает ответственность за уклонение от уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет в размере свыше 50 000 МРП. Такие нарушения выявляются по итогам налоговых проверок в виде начислений, которые зачастую бывают очень субъективны, так как основаны на различном толковании норм закона. Налогоплательщики обычно обжалуют результаты проверок и, если обжалование было безуспешным, налоговые органы передают материалы в правоохранительные органы для разрешения вопроса о привлечении к уголовной ответственности.
Самое интересное, что с 2017 года в примечании к статье 245 Уголовного кодекса предусмотрено, что лицо, совершившее данное деяние, освобождается от уголовной ответственности в случае добровольной уплаты начисленных сумм. Причем с 2019 года отсутствует какое-либо ограничение по кратности совершения этого преступления. На мой взгляд, это означает, что никого не интересует уголовная ответственность в налоговых правоотношениях. Главное, чтобы виновник заплатил начисленные суммы налогов и пени. Поэтому, думаю, целесообразно вообще отказаться от статьи 245 Уголовного кодекса.
Еще бы хотелось обратить внимание на статью 216 Уголовного кодекса, которая предусматривает ответственность за выписку фиктивных счетов-фактур в виде лишения свободы до 3 лет без конфискации полученного дохода. Предусмотрена конфискация имущества при отягчающих обстоятельствах, в том числе, если государству причинен особо крупный ущерб в размере 50 000 МРП. Отмечу, что добытые преступным путем денежные средства можно передать другим людям и не регистрировать на себя имущество. В результате человек может отбыть свое наказание с условно-досрочным освобождением и остаться с незаконными средствами. В отношении же налогоплательщика, который пользовался услугами такого «поставщика» уголовная ответственность не предусмотрена. Ему нужно лишь исключить из вычетов по КПН и зачета по НДС расходы по счетам-фактурам, признанным фиктивными, и погасить образовавшуюся налоговую задолженность с пеней. По сути, это тоже исключительно материальная ответственность.
Сложно судить, насколько это хорошо или плохо в казахстанских реалиях. Но если сравнивать с другими странами, где неуплата налогов расцениваются как опасное экономическое преступление, предусматривающее наказание в виде лишения свободы, то текущая ситуация в казахстанском уголовном судопроизводстве вызывает вопросы. Поэтому интересно понаблюдать, каким образом будут выполняться поручения президента в этом вопросе. Не хотелось бы, чтобы просто в очередной раз подняли суммовой порог не поступивших платежей. Думаю, нужно сделать акцент на разработке механизмов по привлечению к ответственности и взысканию налоговой задолженности с непосредственно поставщиков, уклонившихся от уплаты налогов.
Габитжан Кудайберген, Управляющий партнер юридической фирмы GK & Partners
Опубликовано в Forbes KAZAKHSTAN, Октябрь 2023, 10 (146)
НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЫНДЫҚ ЕМЕС
Жақында халыққа жолдауында Президент экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыссыздандыру қажет екенін айтты. Президент мемлекеттік органдар өз жұмысында белгілі бір кемшіліктер мен ауытқуларға жол беретінін атап өтті. Менің есімде, өткен жылдары мұндай тапсырмалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті шектейтін бюджетке түспеген төлемдер сомасының сомалық шегін арттыру арқылы шешілетін.
Жалпы, Қазақстандағы салық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік менің ойымша шындыққа сай емес мәселе. Қылмыстық кодекстің 245-бабы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді 50 000 АЕК-тен жоғары мөлшерде төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылықты көздейді. Мұндай бұзушылықтар салық тексерулерінің нәтижелері бойынша есептеулер түрінде анықталады, олар көбінесе өте субъективті, өйткені олар заң нормаларын әр түрлі түсінуіне негізделген. Салық төлеушілер әдетте тексеру нәтижелеріне шағымданады және егер шағым сәтсіз болса, салық органдары қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына жібереді.
Ең қызығы, 2017 жылдан бастап Қылмыстық кодекстің 245-бабының ескертпелерінде осы әрекетті жасаған адам есептелген сомаларды ерікті түрде төлеген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады деп көзделген. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап бұл қылмыстың жасалу жиілігіне ешқандай шектеулер жоқ. Менің ойымша, бұл салық қатынастарындағы қылмыстық жауапкершілік ешкімді қызықтырмайтынын білдіреді. Ең бастысы, кінәлі есептелген салықтар мен өсімпұлдарды төлесе болды. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 245-бабын мүлдем тастаған жөн деп ойлаймын.
Бұдан басқа жалған шот-фактураларды жазып беру үшін жауапкершілікті көрсететін Қылмыстық кодекстің 216-бабына назар аударғым келеді, ол табылған табысты тәркілеусіз 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Ауырлататын мән-жайлар бар кезінде, оның ішінде егер мемлекетке 50 000 АЕК мөлшерінде аса ірі залал келтірілген болса, мүлікті тәркілеу көзделген. Бірақтан бұл қылмыстық жолмен алынған ақшаны басқа адамдарға бермей, сондай-ақ, мүлікті тіркемей ақ жүретін адамдар бар екені белгілі. Ал мұндай «жеткізушінің» қызметтерін пайдаланған салық төлеушіге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Ол тек жалған деп танылған шот-фактуралар бойынша шығыстарды КТС және ҚҚС бойынша шегерімдерден алып тастауы және өсімпұлдармен пайда болған салық берешегін өтеуі керек. Демек, бұл да тек қана материалдық жауапкершілік.
Оның қазақстандық шындықта қаншалықты жақсы немесе жаман екенін бағалау қиын. Бірақ егер салықты төлемеу бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қауіпті экономикалық қылмыс ретінде қарастырылатын басқа елдермен салыстыратын болсақ, онда қазақстандық қылмыстық сот ісін жүргізудегі ағымдағы жағдай сұрақтар туғызады. Сондықтан Президенттің тапсырмалары осы мәселеде қалай орындалатынын байқау өте қызықты. Түспеген төлемдердің сомалық шегі тағы бір рет көтерілгенін қаламаймын. Менің ойымша, салық төлеуден жалтарған жеткізушілерден тікелей салық берешегін өндіріп алу және жауапкершілікке тарту тетіктерін әзірлеуге баса назар аудару керек.
Ғабитжан Құдайберген, GK & Partners заң фирмасының басқарушы серіктесі
Forbes KAZAKHSTAN-да жарияланған, Қазан 2023, 10 (146)
Следите за свежими материалами, подписывайтесь здесь: Telegram, Instagram, Facebook, YouTube